«Аружан» бөбекжай» бала – бақшасы» жеке мекемесі туралы қысқаша мағлұмат
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы А.Пратов көшесі №9 үйде орналасқан.
«Аружан» бөбекжай» бала – бақшасы» жеке мекемесі 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап іске қосылып, балабақшада оқу – тәрбие жұмысы жүргізілуде. Балабақшада балалардың сапалы білім мен тәрбие алуына және жақсы демалуына барлық жағдай жасалынған. Бөбекжай екі қабатты ғимараттан тұрады. Бөбекжайдың қызметі үш жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған. Бөбекжай – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы болып саналады. Бөбекжайда берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын және бүлдіршіндерге қызықты ойындар, әндер мен билер үйрететін, ертегілер айтатын және достарымен қарым – қатынас жасай алатын шуақты мекен. Бөбекжайда мемлекеттік тапсырыс бойынша тәрбиеленіп жатқан тәрбиеленушілер тізімі 135 бала. Балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, тәрбиеленушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында 6 топ жұмыс жасайды. Жұмыс мемлекеттік тілде жүргізіледі. Әр топқа арналған ойын, демалу, балаларды қабылдау орындары, ыдыс жуатын бөлме, тазалық гигиеналық орындары қарастырылған. Аула өсімдіктермен көгалдандырылған, таза ауада ойнап, өсу жағдайы қарастырылған, ойын алаңы, серуендеуге арналған аяқ жолдар бар. Жылу, телекоммуникация, су тасымалдау жүйелері толық талапқа сай қарастырылған. Жұмыс уақыты 10,5 сағат (8.00-18.30 дейін) 5 күндік. Бөбекжайда меңгеруші, әдіскер, музыка залы, медбике, шаруашылық меңгерушісі бөлмелері бар. Ғимараттан тыс асхана мен кір жуу бөлмесі жұмыс жүргізуге қолайланып жасақталған. От жағу бөлмесі ғимараттан тыс бөлек орналасқан. Ас дайындау, кір жуу бөлмелері, азық – түлік сақтау қоймалары қажетті техникалық құралдармен жабдықталған.
Медицина кабинетінде балалардың антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен қатар сауықтыруға арналған медициналық құралдармен жабдықталған.
Бөбекжайда 34 қызмет жұмыс атқарады. Оқу тәрбие үрдісінде 16 педагог мамандармен қамтамасыз етілген. Онда жоғары білімдісі – 11, орта арнаулы – 5.
Бөбекжай отбасы арасындағы ынтымақтастық жұмыстарына байланысты ата – анамен бірлескен жұмыс жоспары бойынша жұмыс жүргізеді.
Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз.
