«АРУЖАН»
бөбекжай балабақшасына
Қош келдіңіздер!
«АРУЖАН» бөбекжай балабақшасы
«Аружан» бөбекжай» бала – бақшасы» жеке мекемесі 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап іске қосылып, балабақшада оқу – тәрбие жұмысы жүргізілуде. Балабақшада балалардың сапалы білім мен тәрбие алуына және жақсы демалуына барлық жағдай жасалынған. Бөбекжай екі қабатты ғимараттан тұрады. Бөбекжайдың қызметі үш жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған. Бөбекжай – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы болып саналады. Бөбекжайда берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын және бүлдіршіндерге қызықты ойындар, әндер мен билер үйрететін, ертегілер айтатын және достарымен қарым – қатынас жасай алатын шуақты мекен. Бөбекжайда мемлекеттік тапсырыс бойынша тәрбиеленіп жатқан тәрбиеленушілер тізімі 135 бала. Балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, тәрбиеленушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында 6 топ жұмыс жасайды.
«АРУЖАН» бөбекжайы топтары
Балапан
Сұңқар
Қарлығаш
балдырған
Қыран
Радуга
«АРУЖАН» БӨБЕКЖАЙЫ» МІНДЕТТЕРІ

Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
Баланың бейнелеу, көркем тілдік, музыкалық іс-әрекетінде эстетикалық сезімдерін, шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ету.

Коммуникативті дағдыларды дамыту
Балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуды

Танымдық және зияткерлік дағдыларды қалыптастыру
Тәрбиеленушілердің қоршаға әлемен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекетінің қарапайым дағдыларын меңгертуді

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
Балалар бойында рухани-адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімді қалыптастыру.

Физикалық даму
Физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру
«АРУЖАН» бөбекжайы қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру
Балалар бөбекжайы қауіпсіздік құралдарының үш түрімен жабдықталған:
- бейнебақылау жүйелері
- өрт дабылы
- «шұғыл түймесі бар»
Бейнебақылау жүйелері үй-жайлардың, дәліздердің ішіндегі объектінің режимін, күзетілетін объектінің айналасындағы аумақты және, кіру және шығу жолдарын бақылауға мүмкіндік береді. Бейнебақылау жүйелері бөтен адамдардан қорғануға ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер мен балалардың жұмысын бақылауға арналған.
Бөбекжай ауласы түгел темір қорғанмен қоршалған, көгалдандырылған, таза ауада ойнауға жағдай жасалынған.












